07
август
2023
“Жас дарын”
Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен “Алматы облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің “Жас дарын” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мен бірлесіп өткізетін республикалық “Мұқағали Мақатаев оқулары” байқауына Саттар Ерубаев атындағы N24 ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Байданов Батырхан қалалық кезеңінде Бас жүлдені иеленіп,республикалық сайысына қатысты. 2023 жылдың тамыз айының 8 -11 күндер аралығында Семей қаласы,Абай ауданында ұйымдастырылып отырған “ Абай және Шәкәрім” мемориалдық кешенінің базасында ХХІV республикалық Абай оқуларына “Көңілім әнді ұғады” атты номинациясы бойынша Байданов Батырхан қалалық кезеңінде Бас жүлдемен республикалық сайысқа қатысуға жолға шықты. Шәкіртіме алдағы жарыста сәттілік тілеймін. Асулары асқақ, шығар белестері биік болып, мектебіміздің мәртебесін асқақтата беруіне тілектеспін.







