07
август
2023
БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ
БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ






Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің «Үздік аттестат» иегері Артықбай Сафиназ Халықаралық қабылдау комиссиясының IELTS, SAT емтихандарын жоғары деңгейде тапсырып, Hartwick college (Нью Йорк, Онеонт), Lindenwood University (Сейнт-Чарлз, Миссури), Hawai Pacific University (Гаваий аралдары) шақырулар алды. Таңдауы Солтүстік Кипрдің Никося қаласында орналасқан CYPRUS INTERNATIONAL UNIVERSITY-не 100%-дық грантпен оқуға түсіп, аталған университеттен шақыруға ие болды.
Әрқашан мектеп-лицейіміздің мақтанышы болған Сафиназ еліміздің өсуіне өз үлесін қосатын азаматша болатынына сенімдіміз. Ел болашағы жастардың қолында екеніне тағы бір дәлел! Жарайсың, Сафиназ! Алар асуларың мол болсын!




