“БЕС ТАБАН” ЖӘНЕ “БЕС АСЫҚ” ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Версия для
слабовидиящих
» » » “БЕС ТАБАН” ЖӘНЕ “БЕС АСЫҚ” ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
17
ноябрь
2023

“БЕС ТАБАН” ЖӘНЕ “БЕС АСЫҚ” ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ


Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде «Бес табан» және “Бес асық” ойыны өткізілді. 
Челлендждің мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарын дәріптеу.
“Бес асық”— қыздар арасында өтетін ойын. Бұл ойынды ойнаған қыздар кішкентайынан әсемдікке, икемділікке бейім болып өседі. Ал «Бес табанды» ұл балалар ойнайды. Олар мерген әрі төзімді болып өседі деп түсіндірді ұйымдастырушылар. Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.