08
декабрь
2020
"Сақтар туралы тарихи мəліметтер"

















Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 5"А" сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пəнінен "Сақтар туралы тарихи мəліметтер" атты тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пəн мұғалімі Ракишева Ғазиза Ғалымбекқызы. Сабақтың мақсаты: Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру, картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету. Оқушылар сақтардың орналасқан жерін жəне тарихшылар туралы білді. Сақтардың атауларын ажыратып, дереккөздерге сүйеніп дəлелдеді. Сақтардың орналасқан жерін кескін картаға түсіріп, оларды сипаттап, айырмашылықтарын ажырата білді. Сабақта топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалды. Сабақтың соңында "Баспалдақ" əдісі арқылы өзін-өзі бағалау жүргізіліп, кері байланыс кемесі алынды. Еліміздің өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыз туымызды биікке көтеретін білімді, патриотты, жаңашыл оқушыларды тəрбиелеу біздің яғни, мұғалімдердің басты мақсатымыз деп білемін!