ТВ-Видео - «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ http://24.shymkent-mektebi.kz/ ru ТВ-Видео - «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ DataLife Engine ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/2512-y-bzushylyty-aldyn-alu-men-trtpt-sataluy-basty-nazarda.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/2512-y-bzushylyty-aldyn-alu-men-trtpt-sataluy-basty-nazarda.html ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ  МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде мектеп жарғысын орындау, мектептің, өзінің және өзгенің мүлкін сақтау, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, ұстаздар мен басқа қызметкерлердің еңбегіне құрметпен қарау, мектепішілік ережені сақтау мақсатында желтоқсан айы бойынша сараптама рейд жиналысы өткізілді. Желтоқсан айының сараптама жиналысын “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының фракция жетекшілері жүргізді. Оқушылардың сабаққа қатысуы, гигиеналық талаптың  сақталуы, мектеп формасының сақталуы, құқықбұзушылықтың орын алуы, сабаққа кешігу, мәдени іс-шараларға қатысу, үйірмелерге тартылу т.б. параметрлер бойынша фракция министрлері баяндама жасап, үлгілі деген сыныптарды марапаттады. 
Сонымен қатар,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Анартаева Н.М. жыл мерекесін ысырап жасап тойлаудың орнына, көмекті қажет ететін жандарға, яғни қаламыздағы мамандандырылған балалар үйіне, “Ана үйі” қоғамдық мекемесіне барып жаңа жылдық сыйлық жасап, қайырымды іс жасаған сыныптарға алғыс айтты. 
Мектеп президенті  Байданов Батыр сабаққа үнемі кешігіп келетін оқушыларды, мектеп формасын сақтамайтын оқушыларды атап, ескерту жасады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М.Анартаева, С.Т.Тунгишбаев рейтинг бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптардың жетекшілеріне оқушылардың тәртібі мен үлгерімін қатаң қадағалауды тапсырды.
#Шымкент_мектеппарламенті_2023
#өзін_өзібасқару
#Школьное_самоуправление
#РУМЦДО_РК

]]>
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ  МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

admin Mon, 16 Jan 2023 11:18:37 +0600
“ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР” http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2502-arijasy-bar-eld-azynasy-bar.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2502-arijasy-bar-eld-azynasy-bar.html
“ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР”
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  қарсаңында “Жұлдызды 30 күн” іс-шара жоспарына сәйкес “Қариясы бар елдің-қазынасы бар” атты ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді. Кездесуге ардагер ұстаздар Тұрлыбаева Гулбарам, Жүсіпбеков Баққали қатысты. Кездесу барысында оқушылар  ардагер ұстаздарымыздың өнегелі өмірімен жақыннан танысып, жастарға айтар ақыл кеңестерін тыңдап, ұстаздық жолында атқарған ерең еңбектерін үлгі етті.

admin Fri, 19 Nov 2021 10:14:44 +0600
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде 18 қараша күні мектептің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2503-sattar-erubaev-atynday-n24-it-mektep-licejnde-18-arasha-kn-mektept-zhyldy-zhosparyna-sjkes-ata-analar-zhinalysy-tkzld.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2503-sattar-erubaev-atynday-n24-it-mektep-licejnde-18-arasha-kn-mektept-zhyldy-zhosparyna-sjkes-ata-analar-zhinalysy-tkzld.html
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде 18 қараша күні мектептің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. I-тоқсанның үлгерім қорытындысы.
2. Білім алушылардың оқу-тәрбие барысында жеткен жетістіктерінің есебі.
3. 11 сынып оқушыларының  ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының барысы.
4. Ыстық тамақпен қамтылу.
5. Құқық бұзушылықтың алдын алу және мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуы.
6. Әртүрлі мәселелер.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, құқықбұзушылықтың, қатігездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.  Адам денсаулығына зиян келтіретін электронды темекіні пайдаланудың зияндығы туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан “Кальмар ойынының” балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізіп, суицидті насихаттайтын ойын екені айтылды. Егер телефонмен белгісіз адамдар қоңырау шалып, ойын ойнауды ұсынатыны туралы хабарлама келсе, одан сақ болып, полиция органдарына хабарлау қажеттігі ата-аналардың назарына жеткізілді. Мектеп-лицей директоры Ж.Т.Нысанбаева ата-аналар тарапынан қойылған ұсыныстарды назарға алып,  қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, ата-аналарды мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды. 

admin Thu, 18 Nov 2021 10:21:07 +0600
Pfizer ВАКЦИНАСЫН АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП АЛҒАН ЕРЖҮРЕК ШӘКІРТТЕР! http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2501-pfizer-vakcinasyn-alashylardy-br-bolyp-alan-erzhrek-shkrtter.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2501-pfizer-vakcinasyn-alashylardy-br-bolyp-alan-erzhrek-shkrtter.html
 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы  №24 ІТ мектеп-лицей оқушылары 2021 жылдың 17-ші қарашасында короновирустық инфекцияға қарсы  Pfizer (Пфайзер) вакцинасын ата-аналарының келісімімен ерікті түрде 12 жасқа толған оқушылар салдырды. Вакцина салардан алдын медбикелер оқушылардың денсаулықтарын  тексеріп, салдырып болғаннан кейін де арнайы бөлмеде балалардың  жанында жарты сағат бақылап отырды. Қазір екпе қабылдаған оқушылардың барлығы ата-аналарының қасында жағдайлары жақсы екендіктерін айтуда. Елімізде таралып жатқан аурудың бетін қайтару үшін және өзіміздің бұрынғы қалыпты жағдайымызға оралу үшін ең дұрыс шешім ол-екпе қабылдау. Оқушылар ата-аналарымызға,  достарына ешқандай қорқудың, елдің арасындағы сөздерге сенудің қажеті жоқ екендігін  айтып жеткізді. Ең бастысы біз өзімізді, балаларымызды  короновирустан қорғауымыз қажет. 

admin Wed, 17 Nov 2021 10:10:03 +0600
ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2500-oua-shtar-rpa.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2500-oua-shtar-rpa.html
ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ
ҚР Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мектептердегі оқушыларды кітап оқуға тарту «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамыту, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие - кітап екенін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі 2021 жылдың 30 қазан күні "Оқуға құштар ұрпақ" тақырыбында қалалық әдістемелік - тәжірибелік семинар өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасы, әдістемелік орталығының әдіскері Орынбекова Данара Бековна, ардагер ұстаз, ғалым - Алтынсарин төсбелгі иегері Есім Ұлжалғас Әшімқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ дың Тарих және педагогика факультетінің "мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі ф,ғ,к доцент Ермекбаев Мұхтар Абенұлы, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ филология және педагогика ғылымдарының магистрі, аға ақытушы Аманбекқызы Жансая, аға оқытушы, ата-ана Асылбаева Жеңіскүл Утебаевна, б.ғ.кандидаты, доцент Сихымбаева Света Маметовна, б.ғ.кандидаты, доцент Р.Спабекова, ф.ғ.кандидаты, доцент Г.Бозшатаева, м.ғ.кандидаты, Нобель сыйлығының лауреаты Ә.Бүркіт, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың типалогия бөлімінің қызметкері, теле жүргізуші, ақын, «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің орынбасары «Өнерпаз болсаң» байқауының жеңімпазы Бакеев Ербек Мейрамбекұлы семинарда қонақ болды. Семинарға жоба бойынша елеулі қызмет атқарып жүрген қонақтар құнды пікір, ұтымды ұсыныстарымен бөлісті.

admin Mon, 08 Nov 2021 12:49:10 +0600
«Саттар Ерубаев оқулары» http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/2494-sattar-erubaev-oulary.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/2494-sattar-erubaev-oulary.html Жарайсыңдар, жалынды Саттар ізбасарлары! 
     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығы мен Саттар Ерубаев атындағы24 ІТ мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен  2021 жылдың 25 қазан күні ақын, жазушы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы  Саттар Ерубаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай ақын атындағы №24 IT мектеп-лицей базасында «Саттар Ерубаев оқулары» атты қалалық  көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен  жалпы 136 оқушы қатысты. Байқау 2 бағыт бойынша өнерлі оқушылардың арасында өте тартысты  өткізілді: I бағыт бойынша «Қазақтың Саттары-Алаштың мақтаны!» айдарында –оқушы Саттар Ерубаевтың шығармасын  мәнерлеп оқыған оқушылардың ішінен бас жүлде №24 ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып  оқушысы Байданов Батырханға, I орындар:  №7 м/л  Кебекбаева Мариям, №47 м/г Мырзахан Даулетке, II орындар: №1 дарын Ордабек Алтынай, №25 мект Өндірбай Алтынай, №100 мект Сапарбек Кәусарға, III орындар: № 6 мект Тоқполат Шапағат, № 16 мект Үйболсын Сымбат, № 57 мект Сабден Зарима,№ 58 мект Ибрагим Байғали, № 21 мект Собиржанқызы Лайлоханға бұйырды. 
 II бағыт бойынша «Саттардың мұрасын кім көп біледі?» айдарында ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, бас жүлдеге № 23 мект Ахметова Зейнепке бұйырса, І орындар: № 2 мект Тасыбай Адина, № 25 мект Тұрғанбек Нұржанға, ІІ орындар: №58 мект Қуаныш Шынайы, №30 мект Камалов Мақсадбек, № 133 мект Хусанбаев Мақсатқа, ІІІ орындар: № 66 мект Тұрмахан Альбина, №24 ІТ м/л Құттыбай Жанелья,  № 36 мект Абдикер Асел, №138 мект Кумаков Ерасыл алды. Байқау жеңімпаздарына мектебіміздің өркендеуіне еңбегі сіңген ардагер директоры, Саттар Ерубаевтың немере қарындасы Есім Ұлжалғас Әшімқызының арнайы сыйлығы бас жүлдеге кубок,  І орын иегерлеріне медальдар, табысталды. Барлық қатысушылар мектеп директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызының мадақтама қағазымен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

]]>
Жарайсыңдар, жалынды Саттар ізбасарлары! 

admin Tue, 26 Oct 2021 10:12:07 +0600
«Болашаққа білімді, дені сау ұрпақпен» http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/2472-bolashaa-blmd-den-sau-rpapen.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/2472-bolashaa-blmd-den-sau-rpapen.html

БОЛАШАҚҚА БІЛІМДІ, ДЕНІ САУ ҰРПАҚПЕН
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және Саттар Ерубаевтың  туылғанына 107 жылдығы онкүндігі аясында мектепішілік жоспарға сай  «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақпен» атты тақырыппен дене шынықтыру ӘБ-нің мұғалімдері 8-9 сынып оқушылары арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырды.  Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

admin Mon, 18 Oct 2021 08:52:19 +0600
ӘРІПТЕСКЕ КӨМЕК http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2468-rpteske-kmek.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2468-rpteske-kmek.html ӘРІПТЕСКЕ КӨМЕК
Әрбір адам жаңашылдық енгенде, сол жаңалықтарды оқып-білуге, үйренуге асық болады. Мұғалім алдында  оқушыға жаңашылдықты үйретуге деген үлкен міндет жүктелген. Робототехника саласы бойынша ғылым мен білімді ұштастырған Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің информатика және робототехника пәні мұғалімі Сағынбеков Ержан Әмірханұлы әріптестеріне робот техникасы саласы мен инженерлік жүйелерді жобалауда білім деңгейін арттыру мен құрастыру жұмыстарының алгоритмдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында семинар-сабақ өтті. Ержан Әмірханұлы, жұмысыңызға шығармашылық шабыт тілейміз!

]]>
ӘРІПТЕСКЕ КӨМЕК

admin Mon, 11 Oct 2021 17:43:01 +0600
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2467-azastan-respublikasy-tuelszdgn-30-zhyldyy.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2467-azastan-respublikasy-tuelszdgn-30-zhyldyy.html Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын Шымкент қаласында мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Дүйсебек Алтынай "Тәуелсіздік жетістігі"  тақырыбында ашық сабақ өтті.  Ашық сабақ қонағы  тарих ғылымдарының кандидаты,  профессор Жанысбеков Әшім мырза оқушыларға Тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігін айтып,  тәуелсіздік жолында бабаларымыздың атқарған ерен еңбектеріне тоқталып,  егемендігіміздің міңгілік болуы ендігі жастардың,  ертеңгі елдің тірегі болар  бүгінгі оқушылардың қолында екендігін айтты.  Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері туралы видео  слайд көрсетіліп,  спорт,  білім,  ғылым саласындағы еліміздің мақтаныштары таныстырылды.  Сабақ соңында оқушылар Әшім мырзаға түрлі қызығушылықтары бойынша сұрақтар қойып, еркін сұхбаттаса алды. 
  Оқушыға тәрбие мен білімді ұштастыра отырып патриоттық сезімдерін оятатын осындай ашық сабақтар әлі де өз жалғасын таба бермек.  
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,  егемендігіміз мәңгілік болып,  талантты да талапты шәкірттеріміздің арқасында еліміздің жетістігі көбейе берсін!  Туымыз мәңгі көкте желбірей берсін! 

]]>
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын Шымкент қаласында мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Дүйсебек Алтынай "Тәуелсіздік жетістігі"  тақырыбында ашық сабақ өтті.  Ашық сабақ қонағы  тарих ғылымдарының кандидаты,  профессор Жанысбеков Әшім мырза оқушыларға Тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігін айтып,  тәуелсіздік жолында бабаларымыздың атқарған ерен еңбектеріне тоқталып,  егемендігіміздің міңгілік болуы ендігі жастардың,  ертеңгі елдің тірегі болар  бүгінгі оқушылардың қолында екендігін айтты.  Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері туралы видео  слайд көрсетіліп,  спорт,  білім,  ғылым саласындағы еліміздің мақтаныштары таныстырылды.  Сабақ соңында оқушылар Әшім мырзаға түрлі қызығушылықтары бойынша сұрақтар қойып, еркін сұхбаттаса алды. 
  Оқушыға тәрбие мен білімді ұштастыра отырып патриоттық сезімдерін оятатын осындай ашық сабақтар әлі де өз жалғасын таба бермек.  
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,  егемендігіміз мәңгілік болып,  талантты да талапты шәкірттеріміздің арқасында еліміздің жетістігі көбейе берсін!  Туымыз мәңгі көкте желбірей берсін! 

]]>
admin Mon, 11 Oct 2021 17:39:30 +0600
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ! ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЛІППЕ! http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2466-tuelszdk-zhetstkter-osh-keld-lppe.html http://24.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/tv-video/2466-tuelszdk-zhetstkter-osh-keld-lppe.html

Құрметті Қазақстандық барша ұстаздар! Қымбатты ата - аналар, талапты да талантты оқушылар, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер! Сіздерді жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Биылғы 2021 -2022 жаңа оқу жылы  ерекше,  жағымды жаңалыққа толы жыл болып отыр.  Тәуелсіздігіміздің 
30 жылдығымен тұспа тұс келуі және білімнің бұлағы саналған ӘЛІППЕНІҢ жаңарып, бүлдіршіндерімізге қайта оралуы! 
Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуымен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және сәттілік тілейміз!
Алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарада Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицей директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызы сөз алып,  ұстаздар мен оқушыларды, барша ата-аналарды БІЛІМ КҮНІМЕН құттықтап,  іс-шараны ашып берді. Ақын, жазушы Саттар Ерубаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын рухына тағзым етілді. 
 Мерекелік іс-шараға келген қонақтар Шымкент қаласы маслихатының депутаты Бухарбай Нұрғазы, Шымкентқаласы, Еңбекші аудандық  орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қамбарбеков Жандос Сатыпалдыұлы,  Ардагерлер кеңесі,  әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Шарапат әжеміз мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, әліппе оқулығының қайта оралуымен құттықтады. "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбындағы  алғашқы тәрбие сағаттарына қатысып, мектептегі жаңа форматта жабдықталған физика, Stem,  биология, робототехника, информатика кабинеттерін аралады. 

admin Mon, 11 Oct 2021 17:16:37 +0600