Панфиловшылардың 80 жылдығы, «Шекарасыз жеңіс...» Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Панфиловшылардың 80 жылдығы, «Шекарасыз жеңіс...» Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы
12
ноябрь
2020

Панфиловшылардың 80 жылдығы, «Шекарасыз жеңіс...» Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы



Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейде с, Панфиловшылардың 80 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай 11.11.2020  «Шекарасыз жеңіс...» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің
мән-маңызы туралы мағлұмат беру
2. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, ардагерлеріміздің ерліктерін
үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Түрі: онлайн «ZOOM»  платформасы арқылы
Іс-шараға қатысқандар:
1. Мектеп-лицей директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызы 
2. Запастағы подполковник, Қ.Р.еңбек сіңірген тренері,халқаралық дәрежедегі спорт шебері Ахашов Арман Сапарәліұлы
3. Қалалық қоғамдық кеңес пен мектепішілік Қамқоршылық кеңестің мүшесі Подвиг.А.Ю
4. Отставкадағы  полковник Абиров Елдос Миргазыұлы
5. Мектебіміздің  тарих пән мұғалімі  Төлегенова  Бибігүл апай
6. Шымкент қаласындағы «Ерлік мұражайының»  қызметкері Утеп Аида Рысбекқызы
7. Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының батыр баба атындағы мұражай қызметкері Сағадат Шілдебайұлы
8. Тараздағы  Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орашева Перизат Кенжебекқызы
9. Сарыағаш қаласының Панфилов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Айжамал Иманова
10. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын, ерлік істерін өнеге етіп жүрген, зерттеу жүргізіп жүрген Педагогикалық  шеберлікті арттыру орталығының оқытушысы, ақын Қалшабек Абай Батырұлы
11.Спорттық әскери патриоттық "Жас бүркіт " ұйымының орынбасары Тен Александр Николаевич
12.  Капитан Қалдыбеков Исламбек Қуанышбекұлы. 
  Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 75 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымызданалып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Бүгінгі іс-шара барысында Бауыржан Момышұлы мен И.Панфилов батырларымыз жайлы  көптеген тың деректермен таныс болдық. 
 Отанымызды шексіз сүйіп, оны қастерлей білейік ағайын, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстап, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетейік. Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген Тәуелсіздігіміздің көк туын мәңгі көкке желбіретейік. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив