18
ноябрь
2021
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде 18 қараша күні мектептің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді.

Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде 18 қараша күні мектептің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. I-тоқсанның үлгерім қорытындысы.
2. Білім алушылардың оқу-тәрбие барысында жеткен жетістіктерінің есебі.
3. 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының барысы.
4. Ыстық тамақпен қамтылу.
5. Құқық бұзушылықтың алдын алу және мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуы.
6. Әртүрлі мәселелер.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, құқықбұзушылықтың, қатігездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Адам денсаулығына зиян келтіретін электронды темекіні пайдаланудың зияндығы туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан “Кальмар ойынының” балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізіп, суицидті насихаттайтын ойын екені айтылды. Егер телефонмен белгісіз адамдар қоңырау шалып, ойын ойнауды ұсынатыны туралы хабарлама келсе, одан сақ болып, полиция органдарына хабарлау қажеттігі ата-аналардың назарына жеткізілді. Мектеп-лицей директоры Ж.Т.Нысанбаева ата-аналар тарапынан қойылған ұсыныстарды назарға алып, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, ата-аналарды мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды.






