🔰ЭЖП (ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2024

🔰ЭЖП (ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ)

🔰ЭЖП (ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТІЛДІ
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары- эвакуациялау комиссиясының төрағасы Қ.Асыловпен бекітілген “ Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында орналасқан эвакуациялық жинау пунктерін іс-жүзінде жайып көрсету жаттығуларын өткізу жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар департаменті мен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пунктінің (№10 ЭЖП) көрсетілім іс-шарасы өтті. Іс-шараға  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты. Төтенше жағдай орын алған жағдайда психологиялық көмек көрсету,демеу беру туралы және қауіпсіздік шараларымен танысу жаттығуларын көрсетті. ЭЖП басшысы   көлікпен қамтамасыз ету, автоколонна құру тобы, қоғамдық тәртіп сақтау тобы, медициналық қызмет көрсету, ана мен балаға көмек көрсету, тіркеу және есепке алу, комендант, анықтамалық бөлім жұмыстарымен таныстырып өтті. Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырлы.Практикалық жаттығу барысында №10 ЭЖП-нің дайындық жұмыстарына  оң баға берілді.