ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2023

ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ

“ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ” жобасы аясында құқықтық кеңес отырысы өтті. 
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде мектепішілік есепте тұратын, құқық бұзуға бейім оқушылардың ата-аналарымен құқықтық кеңес отырысы өтті. 
Отырысқа қамқоршылылық  кеңес төрағасы Ж.Омаров, мүшелері М.Әбенұлы, А. Елемесов, Ж.Асылбаева, әкелер кеңесінің төрағасы А. Ибатов, Әл-Фараби АПБ ЮП қызметкері, полиция аға лейтинанты Ш.Ж.Құттыбекұлы, ата-аналар, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты. Отырыста пән мұғалімдері Г.Баедилова, М.Бопбекова, Л.Баедилова  мектепішілік есепте тұратын оқушылардың тәртібі, сабақ үлгерімі жөнінде бірқатар ескертулер айтты. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М.Анартаева, С.Т.Тунгишбаев Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 409 бабы, 2 тармағы бойынша ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің  Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын айтып, ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. 
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Омаров бала тәрбиесіне бірінші кезекте ата-ана жауапты екенін, кейбір ата-аналар баласына дұрыс тәрбие берудің орнына өздері оғаш қылық көрсетіп, мектепке жүктеп қоюы оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың орын алуына себеп болып отырғанын айтты. Мектеп ұстаздары, ата-аналар ұрпақ тәрбиесіне аса  мән беріп, балаларды  жақсылыққа жетелеу керек екенін айтып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.