17
ноябрь
2021
Pfizer ВАКЦИНАСЫН АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП АЛҒАН ЕРЖҮРЕК ШӘКІРТТЕР!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицей оқушылары 2021 жылдың 17-ші қарашасында короновирустық инфекцияға қарсы Pfizer (Пфайзер) вакцинасын ата-аналарының келісімімен ерікті түрде 12 жасқа толған оқушылар салдырды. Вакцина салардан алдын медбикелер оқушылардың денсаулықтарын тексеріп, салдырып болғаннан кейін де арнайы бөлмеде балалардың жанында жарты сағат бақылап отырды. Қазір екпе қабылдаған оқушылардың барлығы ата-аналарының қасында жағдайлары жақсы екендіктерін айтуда. Елімізде таралып жатқан аурудың бетін қайтару үшін және өзіміздің бұрынғы қалыпты жағдайымызға оралу үшін ең дұрыс шешім ол-екпе қабылдау. Оқушылар ата-аналарымызға, достарына ешқандай қорқудың, елдің арасындағы сөздерге сенудің қажеті жоқ екендігін айтып жеткізді. Ең бастысы біз өзімізді, балаларымызды короновирустан қорғауымыз қажет.