Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінде (22.12.2023 ж) "Сыр-сұхбат" » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінде (22.12.2023 ж) "Сыр-сұхбат"
20
январь
2024

Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінде (22.12.2023 ж) "Сыр-сұхбат"

"СЫР-СҰХБАТ"
        Ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа барлық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда қаламын қару еткен жазушыларымыздың орны ерекше. Өйткені олар өз туындыларында бірде қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді әшкере етсе, бірде келелі оқиғаларды дүйім жұртқа үлгі ретінде ұсынады. Сондай қаламгерлер қатарында Әкім Ысқақ ағамыз да бар.    Әкім Ысқақ ағамыздың афоризмдерінің көпшілігі ізгіліктің, мейірімділік пен жылы лебіздің белгісіндей «Алтыным» деген қаратпа сөзден басталады. Бұл-өзге қаламгерлерден өзіндік ерекшелігі бар екендігін білдіреді.
       Бүгін  Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінде (22.12.2023 ж) "Сыр-сұхбат" тақырыбында ақын, Самарқандта өткен Орта Азия және Қазақстан жастары өнер және поэзия фестивалінің лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, С.Ерубаев атындағы облыстық Жастар сыйлығының лауреаты, Шымкент Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған, Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иегері,  Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің үздігі, ақын-жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ ағамызбен кездесу кеші өткізілді.
Ақын өлеңдерін қазақтың қара домбырасымен орындаған Байданов Батырхан мектеп фоесінен күтіп алды. Мектеп төріндегі Саттар Ерубаев мұражайы мен тарихи өлкетану мұражайын аралап, танысты. Кеш барысында оқушылар, ақын өлеңдерін, даналық сөздерін, шығармаларынан алынған үзінділерді жатқа оқып, ақынға сұрақтар қоя отырып көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. 3 саз мектебінің жетекшісі Жанат апайымыз мектебіміздің 7 сынып оқушысы Бердалиева Мерей шәкіртімен бірге орындап, тыңдармандардың көңілінен шыға білді. 7 сынып оқушысы Айтмырза Ердаулет ақынға арнау арнап, батасын алды. Мектеп директоры Ж.Т.Нысанбаева кешті қорытындылап, сый-құрмет көрсетті.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив