ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
16
январь
2023

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ  МЕН ТӘРТІПТІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде мектеп жарғысын орындау, мектептің, өзінің және өзгенің мүлкін сақтау, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, ұстаздар мен басқа қызметкерлердің еңбегіне құрметпен қарау, мектепішілік ережені сақтау мақсатында желтоқсан айы бойынша сараптама рейд жиналысы өткізілді. Желтоқсан айының сараптама жиналысын “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының фракция жетекшілері жүргізді. Оқушылардың сабаққа қатысуы, гигиеналық талаптың  сақталуы, мектеп формасының сақталуы, құқықбұзушылықтың орын алуы, сабаққа кешігу, мәдени іс-шараларға қатысу, үйірмелерге тартылу т.б. параметрлер бойынша фракция министрлері баяндама жасап, үлгілі деген сыныптарды марапаттады. 
Сонымен қатар,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Анартаева Н.М. жыл мерекесін ысырап жасап тойлаудың орнына, көмекті қажет ететін жандарға, яғни қаламыздағы мамандандырылған балалар үйіне, “Ана үйі” қоғамдық мекемесіне барып жаңа жылдық сыйлық жасап, қайырымды іс жасаған сыныптарға алғыс айтты. 
Мектеп президенті  Байданов Батыр сабаққа үнемі кешігіп келетін оқушыларды, мектеп формасын сақтамайтын оқушыларды атап, ескерту жасады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М.Анартаева, С.Т.Тунгишбаев рейтинг бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптардың жетекшілеріне оқушылардың тәртібі мен үлгерімін қатаң қадағалауды тапсырды.