Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 108 жыл » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 108 жыл
21
ноябрь
2022

Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 108 жыл

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінде ақын, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы, Алаш ардақтысы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 108 жыл толуына орай 10.10-20.10.2022 жыл аралығында "Қазақтың Саттары-Алаштың мақтаны!" тақырыбында онкүндік іс-шара өткізілуде. Іс-шара барысында 14.10.2022 күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі Шымкент қалалық білім басқармасы, әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Саттар Ерубаев оқулары" қалалық байқауын өткізді.  Байқауға қатысуға қала мектептерінен 130-дан астам сұраныс түсіп,  130 оқушы екі бағыт бойынша қатысты.  
✓ 1 бағыт.  Саттар өлеңдерін мәнерлеп,  жатқа айту.  
✓ 2 бағыт.  Саттар мұрасы кім көп біледі?  Ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру. 
 Байқауға қалалық білім басқармасы,  ғылыми әдістемелік орталықтың директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы,  ғылыми әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Жарқынай Әсетуллақызы, ғылыми әдістемелік орталықтың әдіскері Гүлжан Серікбайқызы,  ақын Саттардың немере қарындасы, ардақты ұстаз, ардагер директор Есім Ұлжалғас Әшімқызы және әділқазы мүшелері қатысты. 
Қазылар алқасының төрайымы: 
✓ Құдайбергенова Майра Бақтыбаевна.  "Өрлеу БАҰО" кафедра меңгерушісі,  п. ғ. к,  тренер.  
✓ Масалиева Жанар Амалбаевна.  ОҚМПУ п. ғ. к,  доцент. 
✓ мүшесі:  Атабаева Шолпан.  25 ЖОББМ  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
✓ мүшесі:  Күмісбекова Күлайхан Арғынбаевна 66 ЖОББМ  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
✓ мүшесі:  Үсен Айнұр Текебайқызы 67 ЖОББМ  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. 
 Мектеп-лицей директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызы байқауға қатысушыларға сәттілік  тілеп, байқауды ашып берді.   Байқауға қатысуға келген оқушылар мен жетекшілерді, қонақтарды мектебіміздің төрінен орын алған ақынның атына берілген мұражаймен белсенді оқушыларымыз  14 бөлімімен, ондағы құнды деректермен таныстырып өтті. "Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында ашылған оқуға құштар бұрыштары мен,  Абай,  Саттар бұрыштарын таныстырып өтті. Байқауға қатысқан оқушылар өздерінің дайындықтарының өте жоғары екендігін көрсете білді.  Байқауға қатысушылардың жыл санап артып келе жатқандығы қуантарлық жағдай. Осы орайда  "Саттар оқулары" байқауын екі деңгей бойынша 1-деңгей оқушыларға арналған мәнерлеп оқу сайысы болса,  2- деңгей жетекшілері мен ізденімпаз, ғылыми-шығармашылық жұмысқа бейім ұстаздарға  арналған Саттар туралы "ғылыми жоба жұмысы" етіп Республика көлемінде өткізуге ұсыныс түсті.Әрине, ақын атын ұлықтап, есімі елімізде дәріптеліп жатса,  біз үшін үлкен мақтаныш,  ең үлкен жетістік!  Ендеше,  Саттар мұрасын зерттеп,  жоба жұмысын жазамын деген  жаңалыққа жаны құмар барша ұстаздарға үлкен мүмкіндік,  алға қойған мақсаттарына жетуге деген баспалдақ боларына сенімдіміз!  
  Байқау қорытындысы бойынша мектеп-лицейімізден қатысқан оқушылалары: мәнерлеп оқу бағыты бойынша Алибекова Аяулым 11 сынып оқушысы (жетекшісі Каримова Жумакүл) 1 орын. 
 Сұрақ-жауап бағыты бойынша 7 "Г" сынып оқушысы Серғазы Ақнұр (жетекшісі Түктібаева Ұлжан)  1 орын иеленіп,  нағыз Саттар ізбасарлары екендігін көрсетіп,  мектебіміздің мәртебесін асыра түсті.  
Барша қатысқан оқушылар мен шәкірттерімізге алғыс білдіре отырып,  талаптарыңа нұр жаусын дейміз!












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив