26
октябрь
2021
«Саттар Ерубаев оқулары»
Жарайсыңдар, жалынды Саттар ізбасарлары!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығы мен Саттар Ерубаев атындағы24 ІТ мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25 қазан күні ақын, жазушы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы Саттар Ерубаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай ақын атындағы №24 IT мектеп-лицей базасында «Саттар Ерубаев оқулары» атты қалалық көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен жалпы 136 оқушы қатысты. Байқау 2 бағыт бойынша өнерлі оқушылардың арасында өте тартысты өткізілді: I бағыт бойынша «Қазақтың Саттары-Алаштың мақтаны!» айдарында –оқушы Саттар Ерубаевтың шығармасын мәнерлеп оқыған оқушылардың ішінен бас жүлде №24 ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Байданов Батырханға, I орындар: №7 м/л Кебекбаева Мариям, №47 м/г Мырзахан Даулетке, II орындар: №1 дарын Ордабек Алтынай, №25 мект Өндірбай Алтынай, №100 мект Сапарбек Кәусарға, III орындар: № 6 мект Тоқполат Шапағат, № 16 мект Үйболсын Сымбат, № 57 мект Сабден Зарима,№ 58 мект Ибрагим Байғали, № 21 мект Собиржанқызы Лайлоханға бұйырды.
II бағыт бойынша «Саттардың мұрасын кім көп біледі?» айдарында ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, бас жүлдеге № 23 мект Ахметова Зейнепке бұйырса, І орындар: № 2 мект Тасыбай Адина, № 25 мект Тұрғанбек Нұржанға, ІІ орындар: №58 мект Қуаныш Шынайы, №30 мект Камалов Мақсадбек, № 133 мект Хусанбаев Мақсатқа, ІІІ орындар: № 66 мект Тұрмахан Альбина, №24 ІТ м/л Құттыбай Жанелья, № 36 мект Абдикер Асел, №138 мект Кумаков Ерасыл алды. Байқау жеңімпаздарына мектебіміздің өркендеуіне еңбегі сіңген ардагер директоры, Саттар Ерубаевтың немере қарындасы Есім Ұлжалғас Әшімқызының арнайы сыйлығы бас жүлдеге кубок, І орын иегерлеріне медальдар, табысталды. Барлық қатысушылар мектеп директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызының мадақтама қағазымен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!












