“Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы” » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2021

“Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы”


Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 ITмектеп-лицейінде отбасылық құндылықтарды сақтау, қыз бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтың  алдын алу мақсатында “Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Қалалық семинарға қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры Медетбекова М.А, облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Ш, Шымкент қаласы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңесінің басшысы Оралбаева З, қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Жанбырова Ж.П, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Молдабаева А.М, ата-аналар комитетінің төрайымы Сейдалханова Ұ. N14 емдеу орталығының акушер-гинеколог мамандары, қалалық білім басқармасына қарасты мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, 8-11 сыныптың қыз балалары, ата-аналары қатысты.   Аналар-әжелер мектебінің ұйымдастыруымен өткен семинарда қыз балаларға адалдық, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беріліп, қыз балалардың бойында рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, имандылық , тазалық қасиеттерді дамыту мәселелері талқыланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив