ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ! ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЛІППЕ! » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ! ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЛІППЕ!
11
октябрь
2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ! ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЛІППЕ!










Құрметті Қазақстандық барша ұстаздар! Қымбатты ата - аналар, талапты да талантты оқушылар, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер! Сіздерді жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Биылғы 2021 -2022 жаңа оқу жылы  ерекше,  жағымды жаңалыққа толы жыл болып отыр.  Тәуелсіздігіміздің 
30 жылдығымен тұспа тұс келуі және білімнің бұлағы саналған ӘЛІППЕНІҢ жаңарып, бүлдіршіндерімізге қайта оралуы! 
Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуымен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және сәттілік тілейміз!
Алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарада Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицей директоры Нысанбаева Жанар Тастанқызы сөз алып,  ұстаздар мен оқушыларды, барша ата-аналарды БІЛІМ КҮНІМЕН құттықтап,  іс-шараны ашып берді. Ақын, жазушы Саттар Ерубаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын рухына тағзым етілді. 
 Мерекелік іс-шараға келген қонақтар Шымкент қаласы маслихатының депутаты Бухарбай Нұрғазы, Шымкентқаласы, Еңбекші аудандық  орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қамбарбеков Жандос Сатыпалдыұлы,  Ардагерлер кеңесі,  әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Шарапат әжеміз мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, әліппе оқулығының қайта оралуымен құттықтады. "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбындағы  алғашқы тәрбие сағаттарына қатысып, мектептегі жаңа форматта жабдықталған физика, Stem,  биология, робототехника, информатика кабинеттерін аралады. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив