10
март
2021
N24 IT мектеп—лицейінде көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі - Халықаралық әйелдер мерекесі -өтті








Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп—лицейінде көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі - Халықаралық әйелдер мерекесі Zoom платформасы арқылы аталып өтті. Мектебіміздің ер азаматтары және бітіруші түлектері өздерінің ыстық лебіздері мен тілектерін бейне баян арқылы жеткізіп, нәзік жанды аруларымыздың ыстық ықыласына бөленді. Онлайн өткізілген құттықтау кешке қалалық маслихат депутаты Қ.М.Сүлейменов, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ю.А.Подвиг, мектепішілік әкелер мектебі төрағасының орынбасары Қ.Боришев қатысып, ұстаздарға бала тәрбиелеудегі еткен еңбектері мен жетістіктері үшін алғыс айтып, құттықтауын жеткізді.