Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
11
октябрь
2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын Шымкент қаласында мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Дүйсебек Алтынай "Тәуелсіздік жетістігі"  тақырыбында ашық сабақ өтті.  Ашық сабақ қонағы  тарих ғылымдарының кандидаты,  профессор Жанысбеков Әшім мырза оқушыларға Тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігін айтып,  тәуелсіздік жолында бабаларымыздың атқарған ерен еңбектеріне тоқталып,  егемендігіміздің міңгілік болуы ендігі жастардың,  ертеңгі елдің тірегі болар  бүгінгі оқушылардың қолында екендігін айтты.  Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері туралы видео  слайд көрсетіліп,  спорт,  білім,  ғылым саласындағы еліміздің мақтаныштары таныстырылды.  Сабақ соңында оқушылар Әшім мырзаға түрлі қызығушылықтары бойынша сұрақтар қойып, еркін сұхбаттаса алды. 
  Оқушыға тәрбие мен білімді ұштастыра отырып патриоттық сезімдерін оятатын осындай ашық сабақтар әлі де өз жалғасын таба бермек.  
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,  егемендігіміз мәңгілік болып,  талантты да талапты шәкірттеріміздің арқасында еліміздің жетістігі көбейе берсін!  Туымыз мәңгі көкте желбірей берсін! 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив