"ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ" » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ноябрь
2021

"ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ"

ҚР Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мектептердегі оқушыларды кітап оқуға тарту «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамыту, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие - кітап екенін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі 2021 жылдың 30 қазан күні "Оқуға құштар ұрпақ" тақырыбында қалалық әдістемелік - тәжірибелік семинар өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасы, әдістемелік орталығының әдіскері Орынбекова Данара Бековна, ардагер ұстаз, ғалым - Алтынсарин төсбелгі иегері Есім Ұлжалғас Әшімқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ дың Тарих және педагогика факультетінің "мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі ф,ғ,к доцент Ермекбаев Мұхтар Абенұлы, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ филология және педагогика ғылымдарының магистрі, аға ақытушы Аманбекқызы Жансая, аға оқытушы, ата-ана Асылбаева Жеңіскүл Утебаевна, б.ғ.кандидаты, доцент Сихымбаева Света Маметовна, б.ғ.кандидаты, доцент Р.Спабекова, ф.ғ.кандидаты, доцент Г.Бозшатаева, м.ғ.кандидаты, Нобель сыйлығының лауреаты Ә.Бүркіт, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың типалогия бөлімінің қызметкері, теле жүргізуші, ақын, «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің орынбасары «Өнерпаз болсаң» байқауының жеңімпазы Бакеев Ербек Мейрамбекұлы семинарда қонақ болды. Семинарға жоба бойынша елеулі қызмет атқарып жүрген қонақтар құнды пікір, ұтымды ұсыныстарымен бөлісті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив