25
январь
2023
“ӘКЕНІҢ ТӨРІНЕ СЕНБЕ, ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕ СЕН”
“ӘКЕНІҢ ТӨРІНЕ СЕНБЕ, ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕ СЕН”
Мектепте жасөспірімдер арасында тәрбиесі қиын, қиынға бейім оқушылармен жұмыс жүргізу, тәртіпті нығайту және ұлдарды ерлікке, батылдыққа шақыру, елін, жерін қорғайтын намысты ұл тәрбиелеу мақсатында “ӘКЕНІҢ ТӨРІНЕ СЕНБЕ, ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕ СЕН” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге әкелер мектебінің төрағасы, Шымкент қаласы адвокат алқасының адвокаты Ибатов Абдығани, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, АӘД пәнінің аға оқытушысы, п.ғ.к. Елубаев С.И., ата-аналар қатысып, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай ақ, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әкелер мектебінің төрағасы Ибатов Абдығани Қ.Р. “Прокуратура туралы” Конституциялық Заңының 10,26 баптары негізінде электронды темекілерді пайдаланудың зияны, “Есірткіні пайдалану мен таратудың құқықтық салдары” туралы түсіндірді.

