МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде  мектеп табалдырығын алғаш   аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін "МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” атты салтанатты жиын өткізілді. 
Салтанатты жиынға Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Қ.Р. Білім саласының құрметті қызметкері медалінің иегері Ұ.Ә.Есім, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, “Хилует”  қоғамдық қорының директоры Ж.Ш.Омаров, Шымкент қаласы маслихатының экс депутаты, жеке кәсіпкер Қ.М.Сүлейменов, ЖШС Су ресурстары маркетингі, қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі  З.А.Уралбаева, Еңбекші аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Ж.С.Қамбаров, Еңбек және тыл ардагері Ө.Абдрайымов қатысты. 
Келген қонақтар педагогикалық ұжымды және мектеп оқушыларын, әсіресе бүгін мектеп-лицей табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушыларына жылы лебізін білдіріп, жаңа 2023-2024 оқу жылымен құттықтады.
Барлық сыныптарда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасы негізінде "Мектебім-мейірім мекені" атты сынып сағаттар ұйымдастырылып өткізілді.