07
июнь
2023
"БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ"
Саттар Ерубаев атындағы N24 ІТ мектеп-лицейінде 2023 жылдың 27 наурыз-10 сәуір аралығында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты кең ауқымдағы акциясы өтуде. Мектеп инспекторы Әуелов Марлен, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Т. Тунгишбаев оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргішілер жолағындағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету мақсатында бастауыш сынып жетекшілері “Жол ережесін білейік, аман -есен жүрейік” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстырып, жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеп, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.











