ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2023

ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

"ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ” профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Саттар Ербубаев  атындағы №24мектеп -лицейінде  Әл-Фараби ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасының маманы Рустемова Клара Таймасовнаның қатысуымен оқушылар арасында «Қызылша ауруы» туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 
Қызылша – бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын, әлсіз, иммунитеті төмен немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті.  Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін 10 күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады. 
Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады.