ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2023

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде 8,9,10 сыныптың қыз балаларына “Ерте жүктіліктің алдын алу”, “Қыздар сұлу көрінер қылығымен” тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиынға “Sunkar Premium" емханасының гиниколог маманы Мүсір К.Б, Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Багиярова Т.Қ, ДТІЖО Анартаева Н.М, мектеп медбикесі Алхарова Г, мектеп  психологтары Усенова Ж.Ж, Ногайбекова М.Т қатысты. 
"Sunkar Premium" емханасының гиниколог маманы Мүсір К.Б «Репродуктивтік денсаулық»  және «Қыз бала гигиенасы»    туралы  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді. Мектептегі жасөспірім қыздарға медициналық қызметкер ретінде кеңестер ұйымдастырды, қыздардың сұрақтарына жауап берді, осы тақырыпқа байланысты слайд, бейнероликтер көрсетті.
Мектеп психологтары «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8,9,10 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.