ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ-ФАРИЗА » «Cаттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицей» КММ
Шымкент қаласы
білім басқармасының
"Саттар Ерубаев атындағы
№24 IT мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 49-02-29
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-90-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2024

ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ-ФАРИЗА

ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ-ФАРИЗА
Саттар Ерубаев атындағы N24 ІТ мектеп-лицейінде кітапхана меңгерушісі Бұлбұл Күйшібаеваның ұйымдастыруымен «Поэзия падишасы-Фариза» тақырыбында 4 «Ж» сыныбы оқушыларымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Ф. Оңғарсынованың шығармаларын оқып, өмір жолымен танысты.  Оның поэзиясы жарқын әрі мейірімділікке толы. Фариза Оңғарсынова-көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке,  нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті.