18
октябрь
2021
"Алғашқылар дәуірі"






Бүгін, 2021 жылдың 08 қазан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы #24 ІТ мектеп-лицей қабырғасында Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне қарасты "Алғашқылар дәуірі" тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Іс-шара еліміздің Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында ұйымдастырылды. Оған салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері қатысты. Форум барысында бірқатар зиялы тұлғалар қатарында ІТ мектеп-лицей директоры Нысанбаева Жанар Тастановна білім беру саласында үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін "Елеулі еңбегі үшін "Ы.Алтынсарин" медалімен марапатталды. Құрметті Жанар Тастановна, марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз еселене берсін!